1-Коммунальдық инфрақұрылым, мобилділік, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия
2023 жылғы 14 қыркүйекте Б. Жапаровтың төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Рахимов пен қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы А. Көбееваның қатысуымен Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің №1 комиссиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Комитетінің отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасында және Алматы қаласы қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйіне мониторинг нәтижелері қаралды. Мемлекеттік активтер басқармасындағы қызметті зерделеген жұмыс тобының басшысы Б. Мақұлбаев басқарма мен тиісті органдар тарапынан шаралар қабылдауды талап ететін бірқатар мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік және тәркіленген Read more…