Анонстар
2023 жылдың 30 маусымында сағат 11:00-де Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен «Таза ауа» апталығын аяқтауға арналған баспасөз мәслихаты «Алматыгенжоспар» ғимаратында (Абай, 90) екінші қабатта өтеді.
Апталықтың қорытындылары – Алматы қаласының ауа жағдайын айтарлықтай жақсартудың нақты шаралары белгіленген мерзімде және жауапты орындаушылармен таныстырылады. Бұл ұсыныстар қабылдау үшін Үкімет пен Алматы әкімдігіне жіберіледі. Қоғамдық кеңес сарапшылар мен азаматтар ұсынған барлық шаралардың орындалуына ұмтылатын болады. *Таза ауа – 2026 жылы!*