Анонстар
29.06.2023 ж. сағ.15.00-де Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитеті мүшелері мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері азаматтарды қабылдайды. Департамент пен Қоғамдық кеңестің бірлескен жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша бірлескен қабылдау әр айдың соңғы жұмыс бейсенбісінде сағ.15.00-де Адалдық алаңында (Жібек жолы көш., 15) өткізіледі.