1-Коммунальдық инфрақұрылым, мобилділік, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия
2023 жылғы 30 наурызда Алматы қ. Қоғамдық кеңесі Құқықтық тәртіп пен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитетінің мүшелері Ә. Шәпенов пен С. Әбдрахманов және ҚР Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері азаматтарды сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға 1 сұрақ бойынша 3 азамат келіп, олардың өтініштері ары қарай қарастыруды талап етуіне байланысты жазбаша түрде қабылданды. Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша бірлескен қабылдау ай сайын өткізілетінін естеріңізге саламыз.