1-Коммунальдық инфрақұрылым, мобилділік, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия
2023 жылғы 08 ақпанда Алматы қ. Қоғамдық кеңесі №1 комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста Комитеттер мен сараптау топтарының 2023 жылға жұмыс жоспарлары мен ұйымдастыру мәселелері қаралды. Жоспарларда қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша тыңдау, дөңгелек үстел мен мониторингтік шаралар өткізу көзделген. Соның ішінде, 17 ақпанда «Алматы агломерациясы қоғамдық көлік инфрақұрылымының жағдайы мен дамуы» тақырыбында тыңдау өткізу жоспарланып отыр.