мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің қабылдауына тұрғын үйлердің ортақ пайдалануға арналған орындарына қатысты сұрақпен бір топ азамат жазылды. Көтерілген мәселенің күрделілігіне байланысты, сұрақты тиісті мекемелер өкілдерінің қатысуымен қарастыру туралы шешім қабылданды. Шараға Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы су, жылу жүйесі, Энергосбыт өкілдері қатысты.
Әр өтінішті тыңдаған соң, қатысушылар бірқатар сұрақ бойынша түсініктеме беріп, кейбір нақты сұрақтарды тиісті мекемелер әр өтініш иесімен жеке қарастыратынын хабарлады. Сонымен қатар, бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу керектігін атап өтіп, Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына арнайы топ құру ұсынылатынын жеткізді.
1-Коммунальдық инфрақұрылым, мобилділік, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия
2024 жылғы 12 қарашада “Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы” КММ-нің 2024 жылғы 9 айдағы есебін
және жыл соңына дейінгі жұмыс жоспарларын тыңдау жөніндегі №1 комиссияның отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңес пен экология комитетінің мүшелері мен сарапшылары, БАҚ өкілдері, экологиялық белсенділер және қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары қатысты. Басқарма басшысының уақытша міндетін Read more…