Цифрландыру инфрақұрылымды дамытуда, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуда және ресурстарды тиімді басқаруды қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Департамент кеңсесінің міндетін атқарушы Жаңабек Олжас Нұржанұлы баяндама жасаған Цифрландыру департаментінің жұмысындағы маңызды жайларға тоқталды:
• Мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнекамераларды енгізу туралы;
• Сергек бейнекамерасына техникалық қызмет көрсету бойынша;
• Бюджет шығыстарының негізгі баптары бойынша;
• Қалалық әкімшіліктердегі цифрландыру деңгейі туралы;
• Алматыда IT хаб құру жобалары бойынша;
• АТ нарығын ынталандыру және сала үшін кадрлар даярлау туралы.
4-Экономика, кәсіпкерлік, инвестициялар, цифрландыру және туризм жөніндегі комиссия
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің № 4 комиссиясының ұйымдастыруымен
“Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін талдау және оны қолдау бойынша ұсыныстар” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылау барысында коммерциялық емес ұйымдарды тізілімге енгізу мәселелері қозғалды, бұл заңды қақтығыстарға және олар үшін негізсіз артықшылықтарға әкеледі. Сондай-ақ, қатысушылар тізілімнің Read more…