Отырыста комиссия сарапшыларына кандидаттар тыңдалып талқыланды, комитеттер қызметінің негізгі бағыттары мен Комиссияның 2023 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ комиссия отырысында Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Орманкалиевна Көбееваның атынан қоғам қайраткері Митрофанова Елена Николаевна Алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды. Елена Николаевна комиссияда сарапшы болып жұмыс атқарады. Оған алдағы уақытта, зор денсаулық, ұзақ өмір және бар жақсылықты тілейміз!
Хабарландыру!
№ 2 комиссияның бастамасымен – құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша 2 шілдеде сағат 10.00-де ГАСК басшысы мен оның орынбасарының кездесуі өтеді. Достық даңғылы, 85, 5-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша.