Жиналысқа Қоғамдық кеңестің мүшелері мен сарапшылары, “ҚазҚСҒЗИ” АҚ, “Қазақстан құрылысшылар одағы” РЗТБ , “Атамекен” ЖЗҚ өкілдері, базардың кәсіби қатысушылары, қала белсенділері қатысты.
Гүлмира Масабайқызы құттықтау сөзінде қала құрылысы кодексін әзірлеу кезінде Президент белгілеген мақсаттарға қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша пікір алмасты, өз ұсыныстарын енгізді. “ҚазҚСҒЗИ” АҚ өкілдері ұсыныстарға өздерінің ашықтығын растап, олардың барлығы зерделенетінін атап өтті. Талқыланған новеллалардың бірі құрылыста жобаларды басқару институтын енгізу болды.
Соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға көрсеткен белсенділігі үшін алғысын білдіріп, бірлескен күш-жігермен туындайтын барлық мәселелер үшін оңтайлы шешімдерді табуға болатынына сенім білдірді. Бірқатар кездесулер жоспарланған, біздің интернет-ресурстардағы хабарландыруларды қадағалаңыз!