мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің қабылдауына тұрғын үйлердің ортақ пайдалануға арналған орындарына қатысты сұрақпен бір топ азамат жазылды. Көтерілген мәселенің күрделілігіне байланысты, сұрақты тиісті мекемелер өкілдерінің қатысуымен қарастыру туралы шешім қабылданды. Шараға Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы су, жылу жүйесі, Энергосбыт өкілдері қатысты.
Әр өтінішті тыңдаған соң, қатысушылар бірқатар сұрақ бойынша түсініктеме беріп, кейбір нақты сұрақтарды тиісті мекемелер әр өтініш иесімен жеке қарастыратынын хабарлады. Сонымен қатар, бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу керектігін атап өтіп, Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына арнайы топ құру ұсынылатынын жеткізді.
1-Коммунальдық инфрақұрылым, мобилділік, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия
МИБ, ПИК және ЖС үшін бірыңғай call-орталық құру мәселесі бойынша бірлескен отырыс
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесі мен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының 1 комиссиясының МИБ, ПИК және ЖС үшін бірыңғай call-орталық құру мәселесі бойынша бірлескен отырысы өтті. Талқылау сарапшылар мен мүдделі тараптар өкілдерінің қатысуымен Read more…