Отырыста Комитеттер мен сараптау топтарының 2023 жылға жұмыс жоспарлары мен ұйымдастыру мәселелері қаралды. Жоспарларда қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша тыңдау, дөңгелек үстел мен мониторингтік шаралар өткізу көзделген. Соның ішінде, 17 ақпанда «Алматы агломерациясы қоғамдық көлік инфрақұрылымының жағдайы мен дамуы» тақырыбында тыңдау өткізу жоспарланып отыр.
1-Коммунальдық инфрақұрылым, мобилділік, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия
4 наурызда “Алматы қаласының қалалық ұтқырлық басқармасы” КММ-нің 2024 жылғы есебін және 2025 жылға арналған жоспарларын тыңдау жөніндегі Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің 1 комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты, олармен бірге өткен жылы Басқарманың қызметіне мониторинг жүргізілді. Келесі мәселелер талқыланды: – Қалалық ұтқырлықты дамыту бойынша жұмыстың қорытындысын шығару. – Көлік инфрақұрылымы саласындағы Read more…