2022 жылғы 24 қарашада Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитеті мүшелері мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері азаматтарды қабылдады. Қабылдауға 4 тұрғын түрлі сұрақтармен келді, барлығына тиісті кеңес беріліп, 1 жазбаша өтініш ары қарай жұмыс үшін қабылданды.
Бұған дейін Департамент пен Қоғамдық кеңестің бірлескен жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген болатын. Кестеге сәйкес сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша бірлескен қабылдау әр айдың соңғы жұмыс бейсенбісінде сағ.15.00-де Адалдық алаңында өткізілетін болады. Жібек Жолы д-лы, 15.
16 мамырда IV шақырылған Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші ұйымдастырушылық отырысы өтті.
Жұмыс тобының төрағасы Камалов Бақтияр Камалұлы кеңеске мүшелікке арналған конкурстың қорытындысын жариялады, нәтижесінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесі құрылды, оның құрамында 42 мүше бар, олардың үшеуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады. Қоғамдық кеңестің Read more…