Онда Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының 2023 жылғы есебі тыңдалды.
Жиынға басқарма басшысы және басшысының орынбасары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты. Қоғамдық кеңес құрамынан комиссия төрағасы Бекнұр Қисықов, Қайыржан Абдыхалыков, Нұрлыбек Қуанбаев, Алмат Адильбаев. Қоғамдық кеңестің басқа мүшелері мен сарапшылары зум арқылы қатысты. Оған қалалық мәслихаттың бірқатар депутаттары да қатысты. Басқармасының басшысы Айдар Есенбековке мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ерекшеліктеріне, идеологиялық мәселелерге, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың бюджет мәселелеріне қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. «Алматы» телерадиокомпанияның бас директоры Тимур Базарбаевқа да сауалдар көп болды. Есептік кезеңнен басқа, жиналғандар 2024 жылға арналған ҚДБ перспективалары туралы хабардар болды. Жалпы алғанда, ҚДБ мемлекеттік әлеуметтік таспсырыс арқылы жүзеге асырылатын ҮЕҰ-ның әлеуметтік жобаларының саны, түрі және бағыты артты. Қоғамдық кеңес мүшелері Қоғамдық даму басқармасының есебін қабылдады.
Жаңалықтар
Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мониторингтік тобы Алматы қаласы мемлекеттік мұрағатының жұмысына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты қаламыздың тарихына қатысты құжаттар мен жәдігерлерді сақтау бағытында жұмыс жасауда. Мұрағат заман көшіне ілесіп, архивте сақталған құжаттарды цифрлық форматқа көшіреді. Сондай-ақ, микрофильмдерді қолдану арқылы көптеген құжаттар арнайы тасымалдағыштарға көшіріліп жатқандығын атап Read more…