Бұл басқарма коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша қаржылық есептіліктің жиынтығын жасауды жүзеге асыратын маңызды басқармалардың бірі болып табылады.
Басқарма қызметкерлерінің баяндамаларында атқарылатын функциялар бойынша негізгі көрсеткіштер хабарланды:
- коммуналдық меншікті есепке алу (жылжымайтын мүлік объектілері, инженерлік желілер, әкімдіктің қарамағындағы ұйымдар);
- бюджет қаражаты есебінен салынған объектілерді коммуналдық меншікке уақтылы қабылдауды бақылау;
- коммуналдық меншік объектілерін жалға және сенімгерлік басқаруға беру;
- коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру;
- орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу.
Қысқаша негізгі мәліметтер:
- Қала коммуналдық меншігіне қабылданды:
12 жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объектісі, 2 денсаулық сақтау объектісі (Ауэзов ауданындағы жаңадан салынған отбасылық-дәрігерлік амбулатория және Алматы онкологиялық орталығы ғимаратына жаңадан салынған қосымша бөлім); 2 спорт объектісі (Жетісу және Алатау аудандарындағы жаңадан салынған дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары); 1 аудан әкімдері аппараттарының объектісі (Жетісу ауданы әкімі аппараты ғимаратына жаңадан салынған қосымша бөлім). - 2024 жылы сенімгерлік басқаруға 14 коммуналдық меншік объектісі берілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 112 автокөлік құралы мен басқа да мүлікті жекешелендіруден 693,3 млн теңге түсті.
Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша 2024 жылы жоспар 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге болған кезде жергілікті бюджетке 1 584 257 000 (бір миллиард бес жүз сексен төрт миллион екі жүз елу жеті мың) теңге немесе 105,6% түсті.
АО, ЖШС, ШЖҚ-дағы МКК, МКҚК-нің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы:
2024 жылғы 31 желтоқсанға Алматы қаласында мемлекет қатысатын 357 ұйым қызмет атқарды.
2024 жылғы 31 желтоқсанға жергілікті бюджетке таза кірістің бір бөлігінен 2 140,9 (екі миллиард жүз қырық миллион тоғыз жүз мың) теңге түсті.
Инфрақұрылымдық активтер (инженерлік желілер) туралы:
2024 жылы қала коммуналдық меншігіне инженерлік инфрақұрылымның, аумақты абаттандырудың және жобалық-сметалық құжаттаманың 142 объектісі қабылданды, жалпы сомасы 72 680 000 000 (жетпіс екі миллиард алты жүз сексен миллион) теңге.
Сонымен қатар, инженерлік активтерді иесіз деп тану және коммуналдық қызмет жеткізушілеріне бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Басқарма Алматы қаласы әкімдігінің 25 қаулысын енгізді, оған сәйкес 97 инженерлік актив объектісі сыйға тарту шарты бойынша коммуналдық меншікке қабылданды.
Әкімшілік-құқықтық бөлімнің жұмысы туралы:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс:
Басқарма өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға ерекше назар аударады.
ТБН-4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» бағдарламасын іске асыру аясында басқарма коррупциялық тәуекелдердің ішкі талдауын тұрақты негізде жүргізеді.
2025 жылы бөлім Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 6-бабына сәйкес тәуекелдерді анықтау және жою мақсатында коррупциялық тәуекелдердің ішкі талдауын жүргізуді жоспарлап отыр.
Талқылау нәтижелері бойынша басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.