Кездесуге бейінді басқармалардың өкілдері, қалалық мәслихат депутаты Б.Т. Апсенбетов, ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі А.И. Скакова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесі, “Қазгидромет” РМК, “QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ “АлЭС” АҚ, “Almaty Air Initiative” жеке қоры, БАҚ, экоактивистер қатысты.
Қатысушыларға ҚК төрайымы А. О. Көбеева құттықтау сөз сөйледі.
Қоғамдық талқылауларды өткізудің мақсаты ауаның ластануын азайту жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу және іске асыру процесіне жұртшылықты тарту арқылы Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға жәрдемдесу, сондай-ақ азаматтардың проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы хабардарлығын арттыру болды.
Талқылау барысында Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның ағымдағы жай-күйі, ластану көздері және олардың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы өзекті және шынайы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ жергілікті билік органдары әзірлейтін ауа сапасын жақсарту жоспарлары мен бағдарламаларымен және өткізілетін іс-шаралармен танысу.
Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтардан, сарапшылардан және мүдделі тараптардан әзірленіп жатқан жоспарлар мен бағдарламаларға, бар проблемаларға қатысты ұсыныстар, ескертулер және жұртшылықтың пікірін ескере отырып, ауа сапасын жақсарту үшін басым бағыттар мен шараларды айқындау жиналды.