Бүгін 14 маусым күні еліміздегі авто-жол саласының қара шаңырағына айналған Қазақ автомобиль – жол институтының қабырғасында, Алматы қалалық қоғамдық кеңесі жанынан құрылған жол комитетінің бірінші жиыны өтті. Аталмыш жиында жол комитетіне сарапшы болып қабылданған жаңа құраммен танысып, алдағы уақытқа бекітілген жоспар талқыланды. Осы бағыт бойынша болашақта атқарылатын жұмыстар және олардың шешімі үлкен қажырлы еңбекті талап етері сөзсіз. Ең бастысы оңтүстік астанамызға айналған Алматы шаһарымызды көркейтуден шаршамайық. Осының бәрі өскелең ұрпақ үшін.
16 мамырда IV шақырылған Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші ұйымдастырушылық отырысы өтті.
Жұмыс тобының төрағасы Камалов Бақтияр Камалұлы кеңеске мүшелікке арналған конкурстың қорытындысын жариялады, нәтижесінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесі құрылды, оның құрамында 42 мүше бар, олардың үшеуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады. Қоғамдық кеңестің Read more…