Күн тәртібінде кеңестің өткен кезеңдегі бес комиссиясының жоспарларын және ағымдағы жылдың маусым айындағы жоспарларын орындау мәселелері қаралды. Сәуір-мамыр айларында аудандық жеті әкімдіктің, сондай-ақ қалалық басқармалардың қызметі туралы есептер тыңдалды: жастар саясаты, мәдениет, спорт, қоғамдық даму, діндер, туризм және туризм бюросы, еңбек инспекциясы, Білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар. Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалып, тиісті басқармаларға жолданды. Бұдан басқа, Кеңес мүшелері сарапшылармен және азаматтық белсенділермен бірлесіп, тұрақты негізде қала басқармаларында, спорт объектілері мен ұйымдарында, тарихи және мәдени ғимараттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйіне, қала мектептерінде тамақтану сапасы мен ұйымдастырылуына, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға дайындығына, қоғамдық орындардың инклюзивтілігіне және т.б. мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ, қаланың сегіз ауданында комплаенс қызметтерінің қызметі, сервистік полиция және учаскелік полиция жұмыстары бойынша диалог алаңдары өтті. Кеңестің жоспарында сервистік полиция, денсаулық сақтау мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу бар. Біздің қаланың тұрғындары өткізілетін барлық іс шаралар туралы ресми сайттағы хабарландырулардан біле алады almatykenes.kz.
16 мамырда IV шақырылған Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші ұйымдастырушылық отырысы өтті.
Жұмыс тобының төрағасы Камалов Бақтияр Камалұлы кеңеске мүшелікке арналған конкурстың қорытындысын жариялады, нәтижесінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесі құрылды, оның құрамында 42 мүше бар, олардың үшеуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады. Қоғамдық кеңестің Read more…