Кәсіпкерлік, экология және қалалық ұтқырлық бойынша №3 комиссиясы кеңейтілген отырысының
Күн тәртібі
Күні: 25.12.2019 жыл
Өткізу уақыты: сағ. 10:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 16-18 үй, «Тұран» университеті, 4-қабат, әкімшілік, Ғылыми кеңестің мәжіліс залы.
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Жастар жылы» аясында «Алматы қаласындағы жастардың кәсіпкерлік бастамаларын мемлекеттік қолдаудың заманауи тәсілдері туралы» қоғамдық тыңдау өткізеді.
Мақсаты: Алматы қаласындағы жастар кәсіпкерлігін қолдау тетіктерін жетілдіруге ықпал ету.
Бағдарламада: Алматы қ. «Атамекен» ҰКП-нің, Алматы қ. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен Қоғамдық даму басқармасының «Жас кәсіпкер», «Бастау бизнес» және жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламаларын іске асыру және нәтижелері бойынша есептерін тыңдау.
Баршаңызды аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Сұрақтар бойынша төмендегі байланыс құралдарына хабарласыңыздар:
Тел.: 292 10 02, e-mail: info@almatykenes.kz