Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран біздің ортақ игілігіміз, қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның тарихына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген терең құрметіміздің қайнар көзі болып табылады. Біз рәміздерімізді қасиетті түрде құрметтеуге және олардың мағынасын білуге міндеттіміз.
Сізге және сіздің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, жан тыныштығы , махаббат пен қуаныш, еңбекте табыс, амандық, тұрақтылық пен өркендеу тілейміз!
Хабарландыру!
№ 2 комиссияның бастамасымен – құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша 2 шілдеде сағат 10.00-де ГАСК басшысы мен оның орынбасарының кездесуі өтеді. Достық даңғылы, 85, 5-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша.