Партиялық бақылау аясында ҚПК АГ басшылығы Алматы қаласының қоғамдық кеңесімен бірге Мәуленов көшесі, 46а мекенжайы бойынша белсенді ұзақ өмір сүрудің Бас орталығының жұмысымен танысты және мониторинг жүргізді.
Өткен жылы орталыққа 2245 қарт адам келіп, 7908 адамды қамтитын 206 маңызды іс-шара өткізілді.
“Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” жобасының мақсаты – Алматы қаласында тұратын зейнеткерлік жастағы адамдарды әлеуметтендіру, білім беру, психологиялық, сауықтыру, спорттық және бос уақытты өткізу арқылы қарт адамдардың белсенді өмір салтын қолдау.
Хабарландыру!
№ 2 комиссияның бастамасымен – құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша 2 шілдеде сағат 10.00-де ГАСК басшысы мен оның орынбасарының кездесуі өтеді. Достық даңғылы, 85, 5-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша.