Қоғамдық кеңес мүшелері қала әкімі Е. А. Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуіне қатысты!
Түрлі салалардағы мәселелер көтерілді, атап айтқанда, шатырды сапасыз жөндеу, аулаларды абаттандыру, көгалдандыру, релаксация аймақтарының болмауы, жарықты өшіру, нөсер кәрізінің бұзылуы, аулаларды жөндеу мәселелері және т. б. аудан тұрғындарының көп деңгейлі тұрақтардың қажеттілігі туралы сұрағына әкім қалалық тұрақтар бағдарламасы жыл соңына дейін таныстырылатынын, сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасалатынын айтты. 2023 жылдан бастап жеке инвесторлармен іске асыру басталады.
8 ықшамауданының тұрғыны балалардың түнгі уақытта көшеде болу мәселесін айтты, оған ювеналды полицияға рейд жүргізу және ата-аналарға балаларды бақылау туралы нұсқама беру туралы тапсырма берілді, Жетісу-3 көп қабатты тұрғын үйдің заңсыз құрылысы туралы мәселе болды, тамыз айының соңына дейін мәселе шешілетін болады.
Өкінішке орай, 1 қыркүйектен бастап жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша қаржыландыру тоқтатылады (artsport.edu), ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бақылау тетігін әзірлегенге дейін. Сонымен қатар, жақсыдан: 117, 132 мектептерге қосымша құрылыстар пайдалануға беріледі, келесі жылы шағын ауданда отбасылық – дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады. “Мамыр”, №18 емхананың жаңа ғимаратының құрылысы басталады, 200 аулада жөндеу жұмыстары жүргізіледі, көптеген мәселелер шешіледі, бірақ шешімін талап ететін жаңа мәселелер қайта туындайды. Ең бастысы, өз үйіңе, ауданға, қалаға немқұрайлы қарамау және осындай кездесулерде мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын ұсыну.
Анонстар
Хабарландыру!!!
04 наурыз сағат 15.00-те. “Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы” КММ-нің 2024 жылғы есебін және 2025 жылға арналған жоспарларын тыңдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің №5 комиссиясының отырысы өтеді. Тілек білдірушілерден қатысуды сұраймыз. Zoom конференциясына қосылыңыз: https://us06web.zoom.us/j/82292837468… Read more…