26 қыркүйекте ақпараттық-ресурстық орталық “Қоғамдық кеңес” жобасы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің № 1 комиссиясымен бірлесіп Алатау аудандық полиция басқармасында халықпен өзара іс-қимыл жасауда учаскелік инспекторлар жұмысының тиімділігі тақырыбында алғашқы диалог алаңын өткізді.
Кездесуде ІІБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Омаров Данияр Тұрсынұлы 2021-2022 ж. ж. азаматтардың өтініштері бойынша статистикалық деректердің қысқаша анықтамасын берді.
– жүгінгендер саны;
– оң шешілген өтініштердің саны;
– азаматтар жиі жүгінетін негізгі мәселелер.
Учаскелік инспекторлардың жұмысындағы негізгі қиындықтар айтылды:
– ескірген техника (бейнетіркегіштер ең көбі 30 минут жұмыс істейді және зарядсызданады);
– учаскелік инспекторлардың жеке планшеттерінің тапшылығы;
– Ақкент шағын ауданында тірек пунктінің болмауы;
– ауданның орталықтан қашықтығы диспансерлерде ұсталғандарды тексеруге көп уақыт алады. Осыған байланысты Алатау, Әуезов немесе Наурызбай аудандарында Диспансерлер филиалдарын салудың өткір қажеттілігі туындап отыр;
– полицейлердің қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз ету;
Ұсыныстар берілді:
– жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктер учаскелік инспекторларды жұмысқа тарту;
– шағын учаскелердің тұрғындарымен учаскелік инспекторлармен жүйелі кездесулер (айына бір рет) өткізу;
– полицейлердің біліктілігін арттыру үшін семинарлар өткізу;
– полиция қызметкерлеріне ипотекалық несие беру бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну.