Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің Қоғамдық даму, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі комиссиясының төрағасы Камалов Бақтияр Камалұлының жетекшілігімен Алматы қаласы Дін істері басқармасымен кезекті есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Үйсімбаев Ильдар Бақытұлы, сондай-ақ Қоғамдық және әлеуметтік даму комитетінің құрамында жұмыс істеуге ниет білдірген кандидаттар қатысты. «Алматы қаласы Дін істері басқармасының 2021 жылға арналған жұмысы және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» деген тақырыпта Алматы қаласы Қоғамдық Дін істері басқармасының басшысы Қиқымов Нұрлан Медсантұлы баяндама жасады.
Баяндаманы талқылау барысында жиынға қатысушылардың барлығы дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін жастар арасындағы жұмысты жақсарту, халыққа түсіндіру шараларын күшейту қажеттігін бірауыздан мақұлдады. Бөлім комиссияға атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру материалдарын, оның ішінде іске асырылған жобалар бойынша жан-жақты ақпарат пен талдауды қамтамасыз ететіндігі туралы келісімге келді. Ал, комиссия өз тарапынан Алматы қаласы бойынша Дін істері басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында 2023 жылға арналған ұсынымдарды қалыптастырады.
дөңгелек үстел
Бүгін Алматы қаласының қоғамдық кеңесі “синтетикалық нашақорлыққа қарсы іс-қимыл: Алматы қаласының тәжірибесі, сын-қатерлері мен болашағы”тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
Іс-шараға депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қатысты. Біз мемлекеттік ықпал ету шараларын, әлеуметтік қолдауды және нашақорлықтың алдын алудың халықаралық стандарттарын талқыладық. Жастармен жұмыс істеуге және жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға ерекше назар Read more…