Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні және Қазақстандағы ұлттық бірлік пен келісімнің күні.
Н.Ә. Назарбаев мемлекетіміздің қалыптасуына, дамуына және өркендеуіне баға жетпес үлес қосты. Біз Тұңғыш Президенттің дана саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктерімізбен шын жүректен мақтана аламыз.
Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, Отанымыздың игілігі үшін жемісті еңбек тілейміз! Біздің барлық іс-әрекеттеріміз жемісті, болашағымыз жарқын болсын!