«Алматы қаласындағы денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелері» тақырыбындағы қоғамдық тыңдауға дайындық барысында және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің кейбір мәселелерін зерттеу, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық бақылауға тартылуын арттыру мақсатында Қоғамдық кеңестің әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі № 4 комиссиясы Алматы қ., Жамбыл к., 114/85, Байтұрсынов к.қ., Азаматтық орталық, 1-қабат, конференц-залы мекен-жайы бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты:
1. 6.12.2019ж. (жұма) – сағат 14.00-ден 18.00-ға дейін;
2. 12.12.2019ж. (бейсенбі) – сағат 14.00-ден 18.00-ға дейін;
3. 19.12.2019ж. (бейсенбі) – сағат 14.00-ден 18.00-ға дейін.
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондары арқылы хабарласыңыз:
Телефон: 292 10 02, e-mail: info@almatykenes.kz