30.11.2023 ж. сағ.15.00-де Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитеті мүшелері мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері азаматтарды қабылдайды.
Департамент пен Қоғамдық кеңестің бірлескен жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша бірлескен қабылдау әр айдың соңғы жұмыс бейсенбісінде сағ.15.00-де Адалдық алаңында (Жібек жолы көш., 15) өткізіледі.
Хабарландыру!!!
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі №2 Комиссия 4 маусым сағат 11 00-де. Достық даңғылы, 85, 1-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша “Алматыгенплан “ҒЗИ” ЖШС есебін тыңдайды.