Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі (ҚК) қала көшелеріндегі кептелу және Алматыдағы ақылы тұрақтардың жүктеме деңгейін реттеу құралы ретінде сараланған тарифтерді қолдану мәселесі бойынша тыңдау өткізеді.
Мақсаты: Алматы қаласының автокөлік иелері мен тұрғындарының мүддесі үшін ақылы автотұрақтардың жұмысын ұйымдастыруға заманауи тәсілдерді қалыптастыруға ықпал ету.
Модератор: Джапаров Борис Аликенұлы – №3 ҚК комиссия төрағасы.
Спикерлер:
Әділов Ерлан Маматұлы – Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының басшысы;
Принбеков Марат Үсенұлы – “Алматы спецтехпаркинг сервис” ЖШС директоры.
Қатысушылар: Қоғамдық кеңестің мүшелері, сарапшылары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, Алматы қаласының белсенділері мен тұрғындары.
Тыңдауда ақылы автотұрақтардың жұмыс істеу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланып қаралады. Сындарлы талқылау, пікір алмасу негізінде мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірленетін болады.
Өткізу күні: 2020 жылғы 29 шілде.
Уақыты: 11:00 сағат.
Өтетін орны: Алматы қ., ZOOM (ВКС) арқылы онлайн-конференция.
Барлық тілек білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Барлық сұрақтар бойынша келесі координаттар бойынша хабарласуға болады: +7(727)2921002, info@almatykenes.kz.
Конференцияға қатысу үшін алдын ала:
https://zoom.us/meeting/register/tJAocOGspzItG9JAdcOyup1oznxPW2gEOPZ– сілтемесі бойынша тіркеліңіз.
Тіркеуден кейін сіз конференцияға кіру туралы ақпаратты қамтитын растауы бар электрондық хат аласыз.