2022 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қызметінің башысы С. Ахметжанов, Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д. Таумурат пен Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі Құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитетінің мүшелері Б. Мақұлбаев және М. Мұқанова азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелері бойынша қабылдады. Өтініштер бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді, және кейбір өтініштер қосымша зерттеуді қажет ететін болғандықтан, Агенттік департаменті тиісті мекемелермен бірге жұмыс жасайтын болады деп шешілді.
Қазіргі уақытта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері мен Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі Құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитеті мүшелерінің бірлескен азаматтарды қабылдау кестесі дайындалуда. Құжат бекітілгеннен кейін әлеуметтік желілерде назарларыңызға ұсынылады.