Туған жылы: 03.12.1957 ж.
Туған жері: Қазақ-Ресей медициналық университеті
Ұлты: Қазақ
Білімі: Жоғары
Мамандық бойынша біліктілік: Медицина ғылымдарының кандидаты; Жоғары санатты денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы; Экономика және бизнес бакалавры; ҚР Дәрігерлер мен Фармацевтер Ассоциациясының және алғашқы медициналық-санитарлық көмек қауымдастығының толық мүшесі.
Қазіргі уақыттағы лауазымы: «Қазақ-Ресей университеті» ҰБО-ның уақытша тобының «Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту орталығы» жобасының жетекшісі
Кәсіби және әлеуметтік қызметі туралы ақпарат: 1981 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын жалпы медицина мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы ол екінші жоғары білім алды: Қазақ инженерлік, қаржы және банк академиясын «экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесімен бітірді. 1982-1984 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін екі жылдық клиникалық резидентурада ішкі медицина мамандығы бойынша оқыды. Еңбек жолын Алматы қаласындағы Республикалық клиникалық аурухананың қарапайым дәрігер-терапевті болып бастады. 6 жыл ол Медицина ғылымдары академиясының Аймақтық тамақтану проблемалары институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1996 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысушылар Республикалық ауруханасының терапевтік бөлімінің меңгерушісі, 1998-2001 жылдар аралығында №5 қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, 2001-2006 жылдар аралығында Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды. 2006 – 2012 жылдары №5 қалалық клиникалық аурухананы басқарды және сол уақытта Медеу ауданының медициналық бірлестігінің бас дәрігері болды. 2012 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы қаңтарға дейін Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды. 2017 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан-Ресей медициналық университетінің алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту орталығының ғылыми жетекшісі болып табылады.