Туған күні: 20.12.1985ж.
Туған жері: Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында туылған.
Жоғарғы білім
Мамандық бойынша біліктілік:
«Құқықтану» мамандығы бойынша Д.А.Қонаев атындағы университетін, «Экономика» (MBA) мамандығы бойынша М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Орталық Азия университетін бітірген.
Қазіргі жағдай:
Алматы қаласы мәслихатының хатшысы
Кәсіби және әлеуметтік қызмет туралы ақпарат:
Өзінің еңбек жолын 2006 жылы бас маман, кейін «Мүліктерді техникалық түгендеу» ЖШС директоры қызметінде бастады. 2009 жылдан 2011 жылға дейін «Пстк Бителеком» акционерлік қоғамында қызмет атқарды, кейіннен Алматы қаласындағы «Қазақстан-2030» Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламасын қолдау» қоғамдық қорының вице-президенті болды.
2011-2013 жылдары «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, кейін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2018 жылдан 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.