Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы Зәуреш Жұманәліқызы Аманжолова Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі атынан әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды!

Қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау, білім беру және халықты жұмыспен қамту комиссиясының төрағасы Зәуреш Жұманәліқызының айтуынша, қазір жас әрі озық дәрігерлердің заманы. Сондықтан біз Алматының әрбір медицина қызметкеріне цифрлық технологияларды дамытуға, қосымша білім беруге және шетелдік тәжірибені зерделеуге негізделген жаңа және заманауи білім тілейміз.

Өз кезегінде Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі денсаулық сақтау саласындағы жаңа бастамаларды талқылау үшін осы сала өкілдерімен сындарлы диалогқа дайын.

Сіздерге жақсы жаңалық, құрметті медицина қызметкерлері! Әрбір отбасында, еңбек ұжымында амандық пен денсаулық болсын.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support