2019 жылдың 21 қаңтарында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия төрағасы Н.А. Жазылбековтың төрағалығымен Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі жұмыс тобының дөңгелек үстел форматындағы отырысы өтті. Дөңгелек үстел қатысушылары: Алматы қаласының Полиция департаменті, Прокуратура, Әділет департаменті, «Атамекен» ӨКП және үш жоғарғы оқу орыны Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, Д.Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясы, «Тұран» университеті «Қалықтың құқықтық сауаттылығы» тақырыбында ой қозғады.Қазақстанда 2017-2022 жылдарға арналған құқықтық білім беру саласын жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру аясында құқық қорғау органдары тарапынан көптеген жұмыстар атқарылуда, аталған бағытта құқықтық білім беру іс-шаралар туралы Алматы қаласы Әділет басқармасының өкілі Сауранбаев Н.Қ. сөз сөйледі:· Құқықтық ақпарат;· Құқықтық кеңестер және көмек;· Құқықтық дайындық;· НҚА қабылдау процесіне азаматтық қоғамның қатысуын күшейту;· Қоғамның күнделікті өмірінде құқықтық тетіктерді/құралдарды танымал ету.
Қалалық прокуратураның Құқық қорғау қызметі орталығының өкілі Дуркумбеков Е.Т. Алматы қаласындағы Құқық қорғау қызметі орталығының жұмысы туралы баяндады. (мекен-жайы: Желтоқсан көшесі №189).Орталық заманауи инженерлік жабдықтармен, электронды кезектермен және өзін-өзі қызмет көрсету секторымен жабдықталған. Мұнда прокурорлар, нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, психологтар, пробация қызметі және әкімдік қызметкерлері азаматтарға тегін қызмет көрсетеді. Мысалы, осы орталықта қылмыстық немесе азаматтық іс тергеу барысы туралы біле аласыз, белгілі бір органдардың іс-әрекеттеріне шағымдана аласыз немесе заңгерлік кеңес ала аласыз.Сонымен қатар, Алматы қаласының ЖОО студенттері арасында кездесулер мен лекциялар түрінде құқықтық сауаттылықты жалғастыру, кеңес беру және ортақ құрылыстың проблемалары бойынша жұмыс істеу туралы блогты http://almaty.prokuror.gov.kz/kaz веб-сайтынан білесіздер.Алматы қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары Әділов С.Ә. Ішкі істер министрлігінің реформасы аясында Алматы қаласының құқықтық сауаттылық тұжырымдамасын іске асырудағы полицияның жұмысымен таныстырды, аудандық полиция бөлімшелерінде Фронт кеңселер ашылады, онда консультациялар жүргізіледі, азаматтар өздерінің сұрақтарына құзыретті жауап ала алады, өтінім береді немесе түсініктеме алады, азаматтардың өтінімдері мен өтініштерін қабылдау күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады, орналасқан жері – Алматы қаласының АІІБ әкімшілік ғимаратынан кіреді. Полиция қызметкерлерінің халыққа көрсететін қызметін саралау мақсатында 2019 жылдан бастап құқық қорғау органдарының жұмысын бағалау бойынша сауалнама жүргізіледі.«Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысы жөнінде директордың орынбасары Қошмабетов А.А. баяндады. Кәсіпкерлер палатасы әртүрлі бағыттардағы кәсіпкерлерге қаржылық емес қызметтер ұсынады, оның ішінде құқықтық сауаттылық жөнінде кеңес береді. Кәсіпкерлер қажетті ақпраттарын алу үшін www.services.atameken.kz сайты бар, онда әртүрлі тақырыптар бойынша келісімшарт үлгілерін жүктеуге, еңбек, қызмет және кеңес берудің басқада түрлері, мысалы, бухгалтерлік есеп және т.б. қызметтерді алуға болады.
Салық басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп түсіндіру және кеңес беру үшін қала базарлары мен сауда орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы Ф.Ж.Қамбарова Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру шеңберінде ҮЕҰ-ның құқықтық сауаттылық бағытындағы жұмысы туралы баяндады.
Үш жыл бойы «Құқықтық консультациялар» жобасы іске асырылды, жобаның мақсаты нарыққа шығып, құрылыс алаңдарына барып байланыс қызметтері туралы ақпаратты тарату. Биылғы жылыда аталған жоба жалғасын табады.
Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, Жалайыры Омарали Шакарапулы университеттегі заң клиникасының тәжірибесі туралы, сондай-ақ заңгерлік білім беруді жаңарту қажеттілігі туралы, «Алматы» телеканалында азаматтар үшін Қазақстан Республикасының Заңнамасын түсіндіру туралы (бұрын апта сайын аталған тақырыпта бағдарламалар көрсетілетін), сондай-ақ, полиция, әділет және прокуратура органдарында жоғарғы курс студенттерінің тәжірибесін өткізудің маңыздылығы жөнінде біршама ойын жеткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың проректоры Жаманбалаева Ш.Е. Университеттегі құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын көрсететін оқыту үлгісі жөнінде сөз сөйледі. Барлық мамандықтардан басқа, студенттерге басқа мамандықтардың қосымша академиялық сағаты ұсынылады, мысалы: заңгерлер немесе ақпараттық технологиялар. Құқық қорғау органдарының тапсырыстарына дайын қоғамның өзекті мәселелерін талдау үшін зерттеу әлеуетін пайдалануды ұсынды.
«Тұран» университетінің өкілі Герасимова Наталья Сергеевна университеттің заң клиникасының жұмысымен таныстырып, студенттерге және жақын аумақтардың тұрғындарына көрсетілетін құқықтық қызмет жөнінде баяндады.
2017-2022 жылдарға арналған құқықтық білім беру саласын жетілдіру тұжырымдамасын тиімді іске асыру үшін Қоғамдық кеңестің мүшелері келесіні ұсынды:
Халықты ақпараттандыру:
- Алматы қаласы Әділет департаментінің Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өткен «Ашық есік» іс-шарасы туралы;
- Осы тұжырымдаманы, ұйымды, әртүрлі салаларда азаматтардың құқықтарын қолдау және қорғау нысандарын іске асыру бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы ақпаратты жинақтау;
- Алматы қаласы аудандық полиция бөлімшелеріндегі фронт-офистар туралы;
- Студенттер мен еңбек ұжымдарына, соның ішінде базар мен сауда орындарына барып түсіндіру жұмыстарын жалғастыру туралы;
- Халыққа тегін заңгерлік кеңес беретін ҮЕҰ және басқа кәсіби ұйымдардың тізімін (адвокаттар, медиация, соттар, қаржы мекемелері) Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы.
Ішкі істер министрлігінің реформасы шеңберінде:
- Аймақтық полицияның және кәмелетке толмағандар полициясының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру;
- Алматы қаласы Қоғамдық кеңес мүшелерін аттестаттау комиссияларына қатысуға шақыру;
- Құқық қорғау органдарына халықтың сенімділігін арттыру және олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұртшылықпен және PR-мен жұмыс жүргізу бағытында оқыту.