Бүгін 4 шілденің 2022 жылы Алматы қаласы Қоғамдық кеңес отырысын өткізді. Күн тәртібінде «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» жобасы талқыланды.
Қаланы дамыту жоспарларын талқылау жұмысына қала әкімі ДОСАЕВ Ерболат Асқарбекұлы, Алматы қаласы мәслихатының хатшысы КАНКУРОВ Станислав Владимирович, депуттар, қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, басқарма басшылары, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Алматы әкімі өзінің сөзінде ағымдағы сыртқы және ішкі сын-қатерлер алдағы жылдарға арналған жоспарларды елеулі түзетуді талап ететінін атап өтті. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде Алматыны дамыту орталығы мен түрлі салалардағы 40-тан астам тәуелсіз сарапшылар біздің қаржылық және өзге де мүмкіндіктерімізді ескере отырып, Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды және сонымен қатар қол жеткізуге болатын мақсаттарын таңдады.
@«Қала тұрғындарымен талқылаудан кейін біз анықтаған ұсыныстар мен толықтырулар қаланың 2025 жылға дейінгі даму жоспарын және оның 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын әзірлеу кезінде ескерілетін болады. Біздің басты мақсатымыз – мегаполистің барлық тұрғындарының өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, жайлы, инклюзивті және қауіпсіз қалалық ортаны құру. Мақсаттар мен міндеттер қалалықтардың сұраныстарына негізделе отырып, нақты және түсінікті KPI түрінде қалыптасты».
Кездесу барысында Алматы әкімі қаланың негізгі сын-тегеуріндері мен проблемалық мәселелеріне тоқталып, алдағы жылдарға арналған негізгі мақсаттар мен міндеттерді ұсынды, сондай-ақ қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
«Енді біздің алдымызда өзге бір үлкен міндет тұр – бұл идеялардың барлығын жүзеге асыру, алматылықтар алдындағы міндеттемелерді жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайда орындау. Осы ұсыныстар мен Сіздердің идеяларыңыздың барлығын тиімді іске асыру Жаңа Қазақстанды дамытудың кепілі болады деп есептеймін, мұндағы басты мақсат біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын әрі олардың әл-ауқат деңгейін арттыру болып табылады» – деді Ерболат Асқарбекұлы Досаев.
Алматы қаласын дамыту жоспары келесі 2 ай ішінде – ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейін бекітілетін болады.
Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныстарын мен ұсынымдарын, ой-пікірлерін білдірді. Барлық мәселелер талқыланды, қарастырылды, бекітілді.
“Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» демекші бәріміз бірге қаламызды қауіпсіз, таза, әсем, экономикасы мықты болуына күш-жігерімізді салуымыз керек.