Бүгін 13.12.2022 жылы “Алматы қ. туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастырудағы МСАК және ҮЕҰ әлеуметтік қызметкерінің рөлі” конференциясы өтуде.

Қатысушылар: Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Төлемисова Арай Мағауияқызы Денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі №5 Комиссия, ҚР ДСМ ҰҒО, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, фтизиопульмонология орталығы, “ПАНА” бейімдеу орталығы, Алматы қаласы емханаларының басшылары мен әлеуметтік қызметкерлері, Жаһандық қордың қызметкерлері, ҮЕҰ, пациенттер (амбулаториялық емдеуде), оның ішінде қолдау тобының қатысушылары, журналистер.

Мақсаты:                                  

 Емделудің амбулаториялық кезеңінде пациенттерді психо-әлеуметтік қолдау туралы мәселелерді талқылау, ҮЕҰ рөлі, донорлық ұйымның жобаларды қолдаудағы бастамасы, қажетті көмек көрсету және пациенттердің өзекті мәселелерін шешу үшін сауалнамалар мен ұсыныстар.

Күтілетін нәтиже:

  • Амбулаториялық емдеу кезеңінде туберкулезден зардап шеккен пациенттерді қолдауға МСАК әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуын арттыру
  • туберкулезден зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін серіктес ұйымдардың іс-әрекеттерін келісу (амбулаториялық емдеуде)
  • МСАК ұйымдарында ҮЕҰ жұмысының белсенділігін арттыру

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта