2024 жылғы 20 қыркүйекте “БЖЗҚ” АҚ “Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары” тақырыбына арналған “Ашық есік күнін” онлайн-форматта өткізеді.
Мақсаты – салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды болашақ зейнетақыны есептеу және оны ұлғайту жөніндегі жоспарды қалыптастыру/түзету үшін қажетті “Зейнетақы калькуляторы” және “Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары” ыңғайлы құралдарымен таныстыру.
Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (іс-шараға қатысушыларға) зейнетақы калькуляторы арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керектігі туралы түсініктеме беріледі. Зейнетақы жоспарын қалай жасап, қажет болған жағдайда, қалай өзгертуге болатыны да көрсетіледі. “Зейнетақы калькуляторы” және “Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары” қызметтерін пайдалану бойынша жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелеп береді.
Негізгі күн тәртібінен басқа шараға қатысушылар барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Сізден сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз.
10.00 -11.00 орыс тілінде өтеді.
Уақыты мен күні: жұма, 20 қыркүйек 2024ж. 10:00 (UTC+05:00) Астана
Еvent-кездесу нөмірі: 2516 539 3710
Еvent-кездесу құпиясөзі: 10202024
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:
12.00 -13.00 мемлекеттік тілде өтеді.
Уақыты мен күні: жұма, 20 қыркүйек 2024ж. 12:00| (UTC+05:00) Астана
Еvent-кездесу нөмірі: 2516 484 5409
Еvent-кездесу құпиясөзі: 12202024
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:
14.00 -15.00 орыс тілінде өтеді.
Уақыты мен күні: жұма, 20 қыркүйек 2024ж. 14:00| (UTC+05:00) Астана
Еvent-кездесу нөмірі: 2512 918 9649
Еvent-кездесу құпиясөзі: 14202024
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:
“БЖЗҚ” АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді “Ашық есік күнінде” күтеді!
Тақырыбы: Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы
және жинақтау жоспары