Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде А.П. Чехов атындағы орталық кітапханасында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №3 комиссиясы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының 2023 жылда атқарған жұмысы туралы есебін тыңдады . Бұл кездесу Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Есеп тыңдауына Қоғамдық кеңестің мүшелері мен сарапшылары және мәслихат депутаттары қатысты.
Атқарылған жұмыстар туралы баяндаманы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жумадельев Дамир Тулегенович оқыды. Есепті тыңдауға ведомстволық бағынысты ұйымдардың барлық басшылары қатысты.
Мәдениет басқармасының қарауында 28 кітапхана, 8 мұражай, 2 театр, 1 галерея, 1 мұрағат, цирк және хайуанаттар бағы бар. Жалпы штат саны 1915 бірлікті құрайды.
Қала тұрғындары мәдениетін жоғарту мақсатында республикалық және жеке мәдениет ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен, қала тұрғындарымен және қонақтарымен жүйелі жұмыс ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда «Жас қанат» және «Азия дауысы» фестивальдері қайта жандануда. «Бозторғай» халықаралық балалар шығармашылық байқауы мен «The Spirit of Tengri» заманауи этникалық музыка фестивалі өтті. «Қазмемлекеттік цирк» базасында 15 елдің цирк әртістерінің қатысуымен тұңғыш рет «Алматы цирк фестивалі» ұйымдастырылып, өткізілді.
Алматы қаласының аумағында 161 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, оның ішінде 33 республикалық және 127 жергілікті маңызы бар.
Есепті кезеңде тарихи ескерткіштерді, материалдық және рухани мәдениетті анықтау, есепке алу, қорғау, қалпына келтіру, пайдалану және насихаттау жұмыстарын жүргізу арқылы Алматы қаласының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласы Мәдениет басқармасының 2023 жылда атқарған жұмыстары туралы есебін қабылдау туралы шешім қабылдады.
Жаңалықтар
«Жаңарту бағдарламасы сейсмикалық қауіпсіздікті күшейтуді ескере отырып, тұрғын үй қорын жаңартуға мүмкіндік береді»
Қала құрылысының, тұрғын үйлерінің жаңартылуы, оның заманауи сипатқа ие болуы да қаланың бизнес атмосферасына, инвестициялық тартымдылығына айрықша әсер етеді. Себебі, баршаға мәлім, қазіргі тұтыну психологиясы сан мен сапа мәселесінен бұрын «жайлылық» пен «жарасымдылық» принциптерін басты Read more…