АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫ

ШЕШІМ

VI-шы шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс II-ші сессиясының «Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі туралы Ережені бекіту туралы» 2016 жылғы  29 наурыздағы № 7 шешіміне  толықтырулар енгізу туралы  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес VI-шы шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. VI-шы шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс II-ші сессиясының «Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі туралы Ережені бекіту туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 7 шешіміне келесі толықтырулар енгізу:

Аталмыш шешіммен бекітілген Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ережеге:

«Қоғамдық кеңесті қалыптастыру» атты 6 бөлімді келесі мазмұндағы 3.1. және 3.2. тармақтарымен толықтыру:

«3.1. Қоғамдық кеңестің сандық құрамы Қоғамдық қеңес отырысының (жалпы жиналысының) шешімімен кеңейтілуі (үлкейтілуі) мүмкін.»;

«3.2. Қоғамдық кеңестің сандық құрамы ротация жолымен өзгертілуі мүмкін.»;

«Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттілігін тоқтату» атты 11 бөлімді келесі мазмұндағы 2.1. тармағымен толықтыру:

«2.1. Қоғамдық кеңестің қызметіне және оның отырыстарына жүйелі түрде қатыспағаны үшін (орынды себептерсіз 3 реттен астам) Қоғамдық кеңестің  мүшесі оның құрамынан шығарылуға жатады.».

  1. Аталмыш шешімнің орындалуын жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты сұрақтары бойынша тұрақты комиссияның төрайымы Д.Ж.Нөкетаеваға жүктелсін.

VI-шы шақырылымдағы

Алматы қаласы мәслихатының 

Х-шы сессиясының төрайымы                                            Р. Бадаева

 

 

VI-шы шақырылымдағы

Алматы қаласы мәслихатының хатшысы                         Қ. Қазанбаев

 

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта