2022 жылдың 24 мамыр күні Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің № 5 «Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту жөніндегі комиссия» мүшелері, маслихат депутаттарымен, Алматы қаласы стратегия және бюджет және Әлеуметтік әл-ауқат басқармаларының өкілдерімен бірігіп, Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдерінің қазіргі жағдайларын аралап көріп шықты. Нәтижесінде, қызмет көрсету сапасын көтеру үшін 6 ғимарат (әсіресе Әуезов, Түрсіб, Жетісу аудандық бөлімшелері) жөндеу жұмыстарын: жылыту жүйелерін, линолеум ауыстыру, сыртқы және ішкі қабырғаларын сырлау қажет.
16 мамырда IV шақырылған Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші ұйымдастырушылық отырысы өтті.
Жұмыс тобының төрағасы Камалов Бақтияр Камалұлы кеңеске мүшелікке арналған конкурстың қорытындысын жариялады, нәтижесінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесі құрылды, оның құрамында 42 мүше бар, олардың үшеуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады. Қоғамдық кеңестің Read more…