Әлем, оның ішінде біздің еліміз де қауіпті COVID-19 вирусының таралуына тап болды. Оның құрбандары – әлемдегі мыңдаған адамдар. Пандемияның зардаптарын болдырмау үшін Қазақстанда қатаң шектеулер енгізілді. Өмірді қамтамасыз ету құрылымын қоспағанда, барлық кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды.
Осыған байланысты барлық, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары қиын жағдайда қалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен негізгі қажеттіліктерге арналған тұтыну тауарларының бағалары күн сайын өсуіне байланысты көптеген шағымдар ашуланған тұрғындардан түсүде.
Осыған орай, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі Алматыдағы барлық кәсіпкерлерді азық-түлік пен тұтыну тауарларының бағасын көтермеуге және отандастардың жағдайын лезде баю үшін пайдаланбауға шақырады.
Біз экономикалық проблемаларды кәсіпкерлерге шешу оңай емес екенін түсінеміз, бірақ физикалық тұрғыдан өмір сүру шегіне жеткен адамдар үшін бұл одан да қиын.
Есіңізде болсын, сіз тауарларды жерлестеріңізге, көршілеріңізге, таныстарыңызға, туыстарыңызға сатасыз. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы, еліміздің болашағы сіздің қолыңызда. Адамдардың бақытсыздығынан пайда табу – нағыз қылмыс.
Біз барлық кәсіпкерлерді ел үшін қиын сәтте тауарлардың бағасының негізсіз өсуінен бас тартуға және мұқтаж адамдарға көмек қолын созуға шақырамыз. Әлеуметтік жауапкершілікті көрсетіңіз және осы қиын уақытта қоғам үшін мүмкіндігінше пайдалы болыңыз!
Біз Алматы қаласының тұрғындарын жоғарыда аталған тауарлардың бағасына күнделікті бақылауға қатысуға шақырамыз. Ол үшін ақпаратты (фотосуреттерді, бейнелерді қоса) info@almatykenes.kz электрондық поштасына жіберу жеткілікті.