Бүгінгі таңда басқарушы компания IT, медицина және инновациялық технологиялар саласындағы жобаларды жүзеге асыруға платформа берумен айналысады. Қатысушылар саны 199, олардың көбі IT саласынан. Құбыр жасау саласында резиденттер бар, телекоммуникация, жер қойнауын пайдаланушылар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында және т.б. құбыр шығарады. Өнімдерін көрші елдерге экспорттайды. Біздің комиссия сарапшыларының пікірінше, инновациялық технопарк басқарушы компаниясының басты міндеті инновациялық әзірлемелерді сауатты бизнес-жоспарға айналдыру, маркетингтік зерттеулер жүргізу болуы керек. Бизнес пакетті инвесторларға, кәсіпкерлерге, бизнес-періштелерге, венчурлық инвесторларға ұсыну қажет. Ақпараттық, жарнамалық, патенттік қолдаумен қамтамасыз ету керек. Инвестицияланған жобаны технопарктың цехтарына орналастыру қажет. Мониторинг мүшелері резиденттер үшін тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салу қажеттігін де атап өтті. Жоба материалдарын әбден зерделеген соң, нәтижесін көзделген мақсатпен салыстыра отырып, біздің тараптан ұсыныстар берілетін болады. Мониторингке қатысқан ҚК мүшелеріне @beknur.kissikov , @shimanskaya_polina, @gulmira_01 үлкен алғысымызды білдіреміз! Егер де сіздердің қандай да бір ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз болса, info@almatykenes .kz поштасына жолдай аласыздар!
Жаңалықтар
24 қаңтарда Алматы Қоғамдық кеңесінің қоғамдық даму комитеті “Almaty” Телерадиокомпаниясы ” АҚ қызметіне мониторинг жүргізді.
Қалалық Қоғамдық кеңестің мониторингтік тобы “Almaty” ТРК-на барып, арна басшылығымен және журналистерімен сөйлесті. Барған кезде “Almaty” ТРК қолданыстағы инфрақұрылымы қаралды. Каналдың бас директоры Тимур Базарбаевтың тұсаукесері тыңдалды. Телеарнаның болашақ жоспарлары туралы айтылды. Айта кету керек, Read more…