2022 жылғы 12 тамызда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №5 комиссиясы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2021 жылғы және 2022 жылғы 6 айдағы есебін тыңдады.
23 адам қатысты, есеп тыңдалды және жыл соңына дейінгі қызмет жоспарларымен танысты. Басқарма басшысы Н.А. Тоғызбаева 17 сұраққа жауап берді, Қоғамдық кеңестің мүшелері мен сарапшылары ұсынымдар берді, МӘМ (медициналық – әлеуметтік мекемелер), мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындайтын ҮЕҰ – ға 3 мониторингтік сапар өткізу және №5 комиссияның әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің 2 отырысын өткізу туралы шешім қабылданды.
16 мамырда IV шақырылған Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші ұйымдастырушылық отырысы өтті.
Жұмыс тобының төрағасы Камалов Бақтияр Камалұлы кеңеске мүшелікке арналған конкурстың қорытындысын жариялады, нәтижесінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесі құрылды, оның құрамында 42 мүше бар, олардың үшеуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады. Қоғамдық кеңестің Read more…