Қазіргі әлем адам мен мемлекет өмірінің барлық салаларында қарқынды дамып келеді. Ғылым, техника, білім алға жылжуда. Олармен бірге сәулет өнері де дамиды. Қаламызда кеңсе ғимараттары мен бизнес орталықтарынан бастап көпқабатты үйлерге дейін «үлкен құрылыс» жүріп жатқанын көріп отырмыз. Қаламыздың келбеті тез өзгеруде.
Дегенмен, технология, құрылыс, инновациялар қайнап жатқан мына заманда тарихымызды сақтап, кім екенімізді, қайдан келгенімізді, қайда бара жатқанымызды есте сақтау қажет. Өзіміздің болмысымыз бен мәдениетімізді сақтау керек. Ал бұған тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтамай жету мүмкін емес.
Алматы қаласының тарих және мәдениет ғимараттары – осындай тарихи тұтастығымызды және қаланың тарихи келбетін сақтаудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің №3 комиссиясының мониторингтік тобы қала сәулет өнерінің бірнеше ғимараттарын, атап айтқанда Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын, Қазақ ұлттық М.Әуезов атындағы драма театры, бұрынғы Түрксіб ауруханасының (темір жол ауруханасы) ғимаратын тексеріп шықты.
Алматы қаласының тарих және мәдениет ғимараттарына мониторинг құрылыс құрылымдарын және жалпы техникалық жағдайын тексеру мақсатында жүзеге асырылады. Ол объектінің функционалдық мүмкіндіктерінің тұтастығына қауіп төндіретін, сондай-ақ оның объектінің өзінің де, жалпы Алматы қаласының тарихи келбетіне сәйкестігіне қауіп төндіретін келеңсіз процестерді уақтылы анықтау, алдын алу және жою мақсатында жүзеге асырылады.
Мониторингтік топ жұмысының қорытындысы бойынша қажетті ұсыныстар әзірленіп, беріледі. Сондай-ақ өткен мониторинг нәтижелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізу жоспарлануда.
Жаңалықтар
Қоғамдық кеңестің мүшелері мен сарапшылары “Тұрғын үй” ЖШС жұмысына мониторинг жүргізді
Жаңғырту жүргізілген нысандар зерттеліп, осы үйлердің тұрғындарымен әңгімелесті. “Тұрғын үй” ЖШС басшылығы мен қала әкімдігі үшін ұсыныстар дайындалды.