Атмосфераның ластануы азаматтардың және іргелес елді мекендердің тұрғындарының ауруының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қаланың әрбір үшінші тұрғыны азды-көпті дәрежеде лас ауадан болатын аурулармен ауырады. Ауаның сапасыздығы қаланың инвестициялық және туристік тартымдылығына кері әсерін тигізуде. Қала тұрғындары мен қонақтарының сауалнамалары оның қалаға бару немесе оны тұру орны ретінде таңдау шешіміне айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді.
Жағдайды түбегейлі өзгерту мақсатында Алматы қоғамдық кеңесі мемлекеттік органдар мен жұртшылық үшін бірыңғай іс-шаралар жоспарын әзірлеу мақсатында «Таза ауа» жөніндегі жұмыс тобын құрды.
Жұмыс тобының мақсаты шектеулі уақыт ішінде атмосфералық ауаның сапасына қатысты жағдайды шын мәнінде өзгерту бойынша шаралар қабылдау, Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша Жол картасын өзгерту, мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен қызметінің нәтижелерін тұрақты бақылау және бағалау болып табылады.
*Барлық ниет білдірген азаматтарды 26-29 маусым күндері сағат 14:00-18:00 және 9:00-ден 13:00-ке дейін 30 маусым күнде Абай д-лы, 90 мекенжайы бойынша Алматыгенжоспар ғимаратында өтетін шараға қатысуға шақырамыз.*
Анонстар
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
18 наурызда сағат 11:30-да Қоғамдық кеңестің 1-ші комиссиясы «Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы» КММ-нің есеп беру отырысын өткізеді. Қатысқысы келетіндерді шақырамыз. Zoom конференциясына қосылу: https://us06web.zoom.us/j/89149245334… Конференция идентификаторы: 891 4924 5334 Құпия код: 841592