Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты қаламыздың тарихына қатысты құжаттар мен жәдігерлерді сақтау бағытында жұмыс жасауда.

Мұрағат заман көшіне ілесіп, архивте сақталған құжаттарды цифрлық форматқа көшіреді. Сондай-ақ, микрофильмдерді қолдану арқылы көптеген құжаттар арнайы тасымалдағыштарға көшіріліп жатқандығын атап өткен жөн.Мұрағатта құжаттарды қалпына келтіруге арналған арнайы зертхана жұмыс істейді, онда күнделікті мұрағат мамандары тарихымызды сақтау жолында аянбай еңбек етуде.Алматы қаласының белгілі тұрғындары мен қайраткерлерінің арнайы жабдықталған қоймаларда сақталған суреттері мен экспонаттары үлкен қызығушылық тудырды. Мұрағат және оның қоймалары құжаттарды сақтау температурасына, өртке қарсы жүйеге, жарыққа, қауіпсіздікке және басқа да талаптарға қатысты барлық белгіленген стандарттарға сәйкес келеді.Алматы қаласы Мемлекеттік мұрағатының басшысы Ботанов Абзал Қабдолбаритұлына ерекше алғысымды білдіремін!

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта