Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Қоғамдық даму, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі комиссиясының төрағасы Бахтияр Камаловтың жетекшілігімен Алматы қалалық Мәдениет басқармасымен кезекті есеп беру кездесуі өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі комиссиясы жанынан жаңадан құрылған Мәдениет комитетінің мүшелері қатысты. Басқарма басшысы Майлыбаев Ғани Айдарұлы «Алматы қаласы мәдениет басқармасының 2021 жылға арналған жұмысы және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» баяндама жасады. Баяндаманы талқылау барысында мәжіліске қатысушылардың барлығы мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тарихи-мәдени мұра нысандарын, мұрағаттар мен құжаттамаларды пайдалану, мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жұмысын жетілдіру және Алматы қаласының аумағындағы театр, музыка, цирк, кино өнерін, мәдени-демалыс, халық шығармашылығын, кітапхана, мұражай ісін дамытуда мәдениет мекемелеріне қолдау көрсету керектігін бірауыздан мақұлдады.
Отырыс нәтижесінде Комиссияға атқарылған жұмыстар туралы барлық есеп беру материалдарын, оның ішінде іске асырылған жобаларға байланысты жан-жақты ақпарат пен талдауды ұсыну бойынша келісімге қол жеткізілді. Комиссия өз тарапынан Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қызметін жетілдіру жөнінде 2022-2023 жылдарға арналған ұсыныстарды қалыптастырады.
Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың сәуір айында Алматы қаласының қоғамдық кеңесі “AMANAT” партиясы Алматы қалалық филиалының әйелдер қанатымен бірлесіп Алматының сегіз ауданында бірқатар диалог алаңдарын ұйымдастырды.
Бұл іс-шаралардың мақсаты құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі кешенді шараларды қамтамасыз ету үшін халықты ақпараттандыру болды: * Алматы қ. ҚДБ “психикалық денсаулық орталығы” ШЖҚ КМК мамандары, * кәмелетке Read more…