Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету үшін дереу жедел мобильді топ құрылды. Мүдделі мемлекеттік органдарға балалардың орталықта қауіпсіз болуы, сондай-ақ конкурстық рәсімдерді өткізу мәселелері бойынша хаттар жолданды. Бұл мәселе толық шешілгенше Комитет төрағасының жеке бақылауында болады”, – делінген хабарламада.
Қалалық қоғамдық кеңесте жұмыс тобы құрылғанын, оның құрамына барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кіргенін хабарлады. Топ бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін барлық қала сыртындағы лагерьлерде балаларды ұстау жұмыстары мен жағдайларын зерделеуге кірісті.
“Қоғамдық кеңес мүдделі мемлекеттік органмен хат жолдады, жақын арада балалар лагеріне барып мониторинг жүргізеді, нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар жолданатын болады”, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы халқының әлеуметтік осал топтарының балалары балалар лагеріне тегін жолдама алды. Алайда олардың демалысы қорқынышты түске айналды. Белгілі болғандай, уәде етілген лагерьдің орнына мектеп оқушылары сауна ғимаратына орналастырылды.