ТЖД ертең 40-42℃ температура күтілетінін хабарлайды. Негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:
• тауларда демалу кезінде от жағуға болмайды, – темекі шекпеңіз, жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастамаңыз;
- бір желіге бірнеше энергияны қажет ететін құрылғыларды қоспаңыз, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталу мен өртке әкелуі мүмкін;
• төтенше жағдай туындаған кезде 101 және 112 шұғыл қызметтерге қоңырау шалыңыз; - балаларды қысқа уақытқа да тұрған көліктің салонында қалдырмаңыз. Жылу жағдайында бұл баланың есінен танып қалуына әкелуі мүмкін;
- күн соққыларын болдырмау үшін серуендеуден аулақ болыңыз.