Cарапшылар Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өңірлердегі Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі мәселелерін талқылады
2024 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өңірлердегі Қоғамдық кеңестер жұмысының тиімді тетіктері талқыланды.
Іс-шараға түрлі өңірлерден келген қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару және азаматтық қоғам мәселелерімен айналысатын сарапшылар қатысты.
Қоғамдық кеңестер жергілікті жерлерде кездесетін мәселелерге және олардың тиімділігін арттырудың шешімдерін табуға баса назар аударылды. Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Бекнұр Кисиков шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуының маңыздылығын атап өтті. Ол Алматы қоғамдық кеңесінің табысты жобаларына тоқталды, мысалы, жергілікті билік органдарымен бизнес-ортаны дамыту жөніндегі бірлескен бастамалар қалалық инфрақұрылымды айтарлықтай жақсартқанын атап өтті.