29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматыда Халықаралық Almaty Mount Fest тау спорты фестивалі өтеді. Іс-шараны Дүниежүзілік туризм күніне орай, Алматы қаласының Туризм басқармасы ұйымдастырып отыр.

Фестиваль өткен жылғыдай жарыстың 4 түрін қамтиды, оған 2 мыңнан астам кәсіпқой спортшы мен белсенді демалысты ұнататын әуесқойлар қатыса алады. Қатысушыларға туриада, downhill, skyrunning мен альпиниадада өздерін сынап көру ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, Almaty Mount Fest 2023 ұйымдастырушылары 6 мен 14 жас аралығындағы балалар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап,  тауға шығу мен туриаданың арнайы бағыттарын дайындап қойған. Фестивальдің негізгі спорттық және мәдени шаралары «Медеу» мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы шипажайында өтеді.

Алматылықтар мен оңтүстік астанамыздың қонақтары арасында игі дәстүрге айналған Халықаралық тау спорты фестивалінің өтетінін хабарлауға қуаныштымыз. Алматы шетелдік туристердің келуі жағынан көш бастап тұр, шаһарда саяхаттаушыларға жайлы жағдай мен жақсы мүмкіндіктер жасалған, қала инфрақұрылымы да дамыған, дейді Алматы қаласының Туризм басқармасы жетекшісі Ғалия Тоқсейітова.

Almaty Mount Fest 2023 ауқымды іскерлік Форуммен қорытындыланбақ. Оның тақырыбына тау туризмін дамытудың жаңа мүмкіндіктері, оның ішінде экологиялық тұрақты саяхаттар, демалысты ұйымдастырудың креативті форматтары, сондай-ақ, таулы аймақтағы инклюзивті туризм мәселелері арқау болады. Пікірталас алаңына қатысатынын Андорра, Франция, Қырғызстан, Ресей, Грузия, Италия мен басқа да елдердің халықаралық сарапшылары растап қойған.

Almaty Mount Fest  – биылғы жылы тауда өтетін ең басты оқиға, оны дәстүр бойынша, «Шымбұлақ» тау шаңғысы шипажайында зор қуанышпен ашқалы отырмыз. 4 күн бойы сіздерге ауқымды бағдарлама ұсынылады: альпиниада, skyrunning мен downhill сайыстары, туристік саланың әлемдік спикерлері баяндама жасайтын халықаралық форум, ShymbulakOutdoor Meetings-тің білім беру кездесуі ұйымдастырылмақ. Бұл фестиваль барлық қатысушылар үшін нағыз мекереге айналатынына сенімдіміз. Баршаңызды күтеміз, – деп толықтырды «Шымбұлақ» тау шаңғысы шипажайының бас директоры Ринат Әбдрахманов.

Қатысушыларды тіркеу 22 қыркүйекте басталып, 28 қыркүйекке дейін жалғасады. Тіркелу фестиваль сайтында www.mount-fest.kz жүргізіледі. Шараның ресми аккаунттары:

https://instagram.com/almatymountfest

https://www.tiktok.com/@almatymountfest

https://www.facebook.com/almatymountfest

# Visitalmaty

#almatytourism

 

Қосымша ақпарат алу және БАҚ аккредитациялау үшін төменде көрсетілген нөмірлер бойынша Almaty Mount Fest 2023 шарасының  баспасөз орталығына хабарласуды сұраймыз:

Жанеля Дүйсенхан
моб.: +7-778-230-5555
email: zhnn02@gmail.com

 

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта