Қалалық мерекелік концерт 30 тамызда Абай алаңында өтеді. Алматыда Конституция күнін мерекелеу аясында дөңгелек үстелдер, көрмелер, челлендждер, сынып сағаттары ұйымдастырылады.

Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:

– Алмалы ауданында ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт бүгін 28 тамыз сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жанындағы «Неделка» субұрқағы жанындағы скверде өтеді.
– Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.
– Алатау ауданында Конституция күніне орайластырылған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді.
– Әуезов ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 18:00-де Family саябағында өтеді.
– Түрксіб ауданында ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында өтеді.
– Жетісу ауданында танымал әншілер мен балалардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт 30 тамыз сағат 11:00-де «Гүлдер» саябағында (Құлагер ш/а., Серіков көшесі, 2А), сондай-ақ, «Ата Заңым – айбыным!» шығармашылық фестивалі әл-Фараби скверінде өтеді.
– Наурызбай ауданында Конституция күніне арналған «Ата заңым айбыным» мерекелік концерті 30 тамыз сағат 11:00-де Амфитеатрда (Шұғыла шағын ауданы, 347) өтеді.
– Бостандық ауданында Конституция күнін мерекелеу құрметіне 29 тамыз сағат 12:00-де Қазмемциркте ALMATY CIRCUS FESTIVAL» II Халықаралық цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ХӘОТ үшін қайырымдылық қойылым қояды. ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 30 тамыз сағат 15:00-де «MEGA Alma-ata» СОО-да өтеді.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта